Кристофер Нолан (ағылш. Christopher Nolan) — Ұлыбританиядан шыққан америкалық кинорежиссер, сценарийші, продюсер, оператор, монтажшы. Толық аты-жөні — Кристофер Джонатан Джеймс Нолан.
Кристофер Нолан | |
ағылш. Christopher Nolan | |
Кристофер Нолан (2018) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Кристофер Джонатан Джеймс Нолан |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | 1998 — қазіргі күн |
Бағыты | |
Марапаттары | «Оскар» (2024 — екі рет) |
IMDb | |
Кристофер Нолан Ортаққорда |
Кристофер Нолан тарихтағы ең табысты режиссерлердің бірі, сонымен қатар өз заманының танымал және ықпалды кинематографшылардың бірі.
Бастау (кассалық түсімі $826 137 188), Қара сері (кассалық түсімі $1 005 457 263), Қара сері: Жандану (кассалық түсімі $1 081 141 420) фильмдері Ең табысты фильмдер тізіміне енген.
Өмірбаяны
Лондон қаласында туған. Әкесі ағылшын, анасы американ болған. Балалық шағын АҚШ-та және Англияда өткізді, 18 жасында екі азаматтығы бар адам атанды. Нолан — дальтоник. Ол қызыл және жасыл түстерін ажырата алмайды. Кристофер Ноланның киноға қызығушылығы 7 жасында Джордж Лукастың "Жұлдызды соғыстар" фильмін көргеннен кейін оянды. Осы кезден бастап қысқа ғылыми-фантастикалық картиналарға сценарий жаза бастайды.
Інісі Джонатан Нолан да кинода еңбек етеді, ол Кристофердің бірқатар картиналарына сценарийші ретінде атсалысты.
Фильмдер тізімі
- 1998 Қудалау (ағылш. Following) - режиссер, сценарийші, продюсер, оператор, монтажшы
- 2000 Есте сақта (ағылш. Memento) — режиссер, сценарийші
- 2002 Ұйқысыздық (ағылш. Insomnia) - режиссер
- 2005 Бэтмен: Бастама (ағылш. Batman Begins ) — режиссер, сценарийші
- 2006 Абырой (ағылш. The Prestige) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2008 Қара сері (ағылш. The Dark Knight ) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2010 Бастау (ағылш. Inception) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2012 Қара сері: Жандану (ағылш. The Dark Knight Rises) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2013 Құрыш адам (ағылш. Man of Steel) — сценарийші, продюсер
- 2014 Үстемділік (ағылш. Transcendence) — басты продюсер
- 2014 Интерстеллар (ағылш. Interstellar) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2016 Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы (ағылш. Batman v Superman: Dawn of Justice) — басты продюсер
- 2017 Дюнкерк (ағылш. Dunkirk) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2020 Қағида (ағылш. Tenet) — режиссер, сценарийші, продюсер
- 2023 Оппенгеймер (ағылш. Oppenheimer) — режиссер, сценарийші, продюсер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Кристофер Нолан (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Kinostan сайтында 17 қазанның 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер