Куба Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Кубаның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган - Куба Футбол Қауымдастығы. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі. Кариб бассейніне қарасты елдердің арасынан алғаш әлем чемпионатына қатысқан құрама.
Куба Ұлттық футбол құрамасы | ||||
Конфедерация | ||||
---|---|---|---|---|
Федерация | Куба Футбол Қауымдастығы | |||
Бас бапкері | ||||
Капитаны |
| |||
Ең көп ойын саны | 126 | |||
Үздік бомбардир | 29 | |||
Үй стадионы |
| |||
ФИФА рейтингі |
| |||
| ||||
Бірінші ойын | ||||
Куба 3:1 Ямайка | ||||
Ең ірі жеңіс | ||||
Куба 9:0 Пуэрто-Рико | ||||
Ең ірі жеңіліс | ||||
Швеция 8:0 Куба | ||||
Тарихы
1938 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде 11-топқа түсті. Бұл топта Кубадан өзге алты құрама бар еді. Кубадан өзгесі ФИФА-ның сол кездегі президенті Жюль Рименің "Әлем чемпионаты екі жарты шарда кезек-кезек өткізіледі" деген уәдесінде тұрмай, екінші рет қатарынан Еуропада ұйымдастырып жатқанына наразы топқа қосылды да, бойкот жариялады. Осылайша Куба өз-өзінен иесіз қалған жолдамаға қол жеткізе салды.
Әлем чемпионатының 1/8 финалында бұларға Румыния тап келді. Қос құрама 5 маусым күнгі матчта 120 минут бойы бір-бірін ала алмай, 3:3 есебімен тең тарқасты. 9 маусым күні қайта ойналып, күтпеген жерде Куба 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ осы 210 минутқа соқылған кескілескен ойын қатты шаршатып, 12 маусым күні Куба құрамасы шведтерге төттеп бере алмады - 0:8. Бұл құраманың өз тарихындағы ең ірі жеңілісі еді.
Футболдан әлем чемпионаты-1938
1/8 финал
5 маусым, 1938 |
| Стадион: Қала: Тулуза Көрермендер: 7000. Судья: Джузеппе Скарпи (Италия) | ||||||
9 маусым, 1938 |
| Стадион: Қала: Тулуза Көрермендер: 8000. Төреші: Альфред Бирлем (Германия) | ||||||
1/4 финал
12 маусым, 1938 |
| Стадион: Қала: Антиб Көрермендер: 7000. Төреші: Аугустин Крист (Чехословакия) | ||||||
КОНКАКАФ КУБОГЫ-1971
КОНКАКАФ кубогына 8 рет қатысып, 1971 жылы 4-орынға қол жеткізген.
О | Команда | О | Жңс | Т | Жңлс | Голдар | ± | Ұ |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Мексика | 5 | 4 | 1 | 0 | 6 − 1 | +5 | 13 |
2 | Гаити | 5 | 2 | 3 | 0 | 9 − 1 | +8 | 9 |
3 | Коста-Рика | 5 | 2 | 1 | 2 | 6 − 5 | +1 | 7 |
4 | КУБА | 5 | 1 | 2 | 2 | 5 − 4 | +1 | 5 |
5 | Тринидад және Тобаго | 5 | 1 | 2 | 2 | 6 − 12 | −6 | 5 |
6 | Гондурас | 5 | 0 | 1 | 4 | 5 − 11 | −6 | 1 |
Дереккөздер
- Baseball in Their Veins, but a New Ball at Their Feet. Nytimes.com. Тексерілді, 8 шілде 2012.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер