Кіші Сарыоба – Есіл алабындағы тұзды көл.
Кіші Сарыоба | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 400 м |
Өлшемі | 3,4 × 2 км |
Ауданы | 5,2 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 8,6 км |
Орташа тереңдігі | 2 м |
Орналасуы | |
51°11′09″ с. е. 72°12′00″ ш. б. / 51.18583° с. е. 72.20000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°11′09″ с. е. 72°12′00″ ш. б. / 51.18583° с. е. 72.20000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Аршалы ауданы |
Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте.
Аумағы
Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Орташа тереңдігі 2 м.
Жер бедері мен гидрографикасы
Көл төбелер қоршаған қазаншұңқырлы ойыста жатыр. Кіші Сарыобаға көктемде кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктікігі 2 – 3 м. Көл айдыны ашық, жағасынан 100 – 150 м жерде су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары тереңдігі 0,4 – 0,5 м-ге, суы мол жылдары 1,0 – 1,2 м-ге жетеді. Мұзының қалыңдығы 0,7 – 0,8 м, қыста 1 м-ге дейін жетеді. Суының минералдылығы жоғары.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер