Көкентау, Кәкентау – Семейтау тауларының оңтүстігіндегі тау.
Көкентау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Семейтау таулары |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 15 км |
Ені | 10 км |
Биіктігі | 825 м |
Орналасуы | |
49°49′28″ с. е. 79°36′45″ ш. б. / 49.82444° с. е. 79.61250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°49′28″ с. е. 79°36′45″ ш. б. / 49.82444° с. е. 79.61250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.
Жер бедері
Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 825 м.
Геологиялық құрылымы, жер бедері
Тау герцин дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Солтүстік беткейі тік, шатқалды, борпылдақ жынысты, оңтүстік көлбеу.
Өсімдігі
Қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында селеу, жусан, сай-жыраларында қараған, итмұрын, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы.