Көкжиде – Құмжарған құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
Көкжиде | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 280 м |
Ұзындығы | 40 км |
Ені | 17 км |
Орналасуы | |
48°23′07″ с. е. 57°16′12″ ш. б. / 48.38528° с. е. 57.27000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°23′07″ с. е. 57°16′12″ ш. б. / 48.38528° с. е. 57.27000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы |
Орналасуы | Құмжарған құмының оңтүстік-батысы |
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде, Жем және Темір өзендерінің суайрығында орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 17 км. Теңіз деңгейінен 270 – 280 м биіктікте. Көкжиденің жер бедері жалды-төбешікті келеді.
Өсімдігі
Құм беткейлері жусан, қияқ, қау, бетеге, жүзгін, т.б. шөптермен бекіген. Грунт суы жақын жатқан ойпауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өскен. Мал жайылымына қолайлы. Көкжиденің солтүстігінде Көкжиде мұнай кен орны орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер