Көксерек – ұлттық спорт ойындарының бірі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Көксеректі ұл-қыз аралас ашық алаңда ойнайды. 50–60 м қашықтықта екі топ қарама-қарсы тұрады. Екі жақта да “тұтқындар” үшін арнаулы шеңбер сызылады. Жеребе бойынша басталып, бастау еркі тиген топтың басшысы: “Ақ серек, көк серек, мұнан сізге кім керек?”, – деп сұрайды. Оған қарсы жақтан: “Айгөлек, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек. Ақ серек пен көк серек, сонау тұрған... өзі керек”, – деп, қарсы жақтың бір адамын атайды. Есімі аталған ойыншы келгенде қарсы жақтың ойыншылары алақандарын жайып тұрады. Шақырылған ойыншы саптың алдын кесіп өтіп, өзін қуып жете алмайды-ау деген біреудің алақанын соғады да қашады; қуған жетсе, қашқан баланы өз тобына қосып алады, ал жете алмаса, өзі “тұтқындалады”. Көксерек жасөспірімдердің шынығуына жақсы әсер етеді.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер