Көкқұтан(лат. Ardea cinerea) – ескекаяқты құстар отряды, құтан тұқымдасына жататын құс.
Көкқұтан | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Ardea cinerea Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Light green: summer Dark green: all year Blue: winter |
Еуропа, Азия және Африкада тараған. Қазақстанда Сырдария алабында, Шу-Іле тауларында, Балқаш – Алакөл қазаншұңқырында, Зайсан көлінде, , Каспийдің солтүстігінде, негізінен, далалық жерлерде кездеседі. Тұрқы 1 м-дей, денесі бүйірінен қысыңқы тұмсығы ұзын (13 см-дей), түзу, өткір. Аяқтары ұзын. Желкесінде қауырсында қара айдары бар. Арқасы, бүйірі сұр, бауыры, мойны, басы ақ, бірақ мойнында қара дағы болады. Қанаты қара жолақты. Өсімдігі мол өзен, көл, батпақ жиектерін мекендейді. Ағаш басына не жерге ұялайды. 5 – 10 жасыл жұмыртқа салып, 26 – 27 күнде әлсіз балапандары шығады. Аталығы мен аналығы 1,5 ай, тіпті ұядан шыққаннан кейін де асырайды. Көкқұтан ұялаған жерінде 7 айдай болады, кейде Қазақстанның оңтүстігінде қыстап та қалады. Бақа, балық, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілермен қоректенеді. Көкқұтан кейде балық шаруашылығына зиян келтіреді.
Дереккөздер
- BirdLife International (2008). Ardea cinerea. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 9 ақпан 2009. Database entry includes justification for why this species is of least concern.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер