Көшен Елеуов - 1892 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында туған. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын-Байболды руынан шыққан. .
- 1902—1911 жж. ескіше оқып білім алған.
- Қазақстан Жазушылар одағының 1938 жылы Алматыда халық ақындарына арналып ашылған қысқа мерзімді курсында оқыған.
- 1916 жылы майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында қара жұмыс істейді.
- Содан соң еліне келіп, әуелі ауылдық кеңес төрағасының орынбасары (1917), кейін төрағасы қызметін атқарады.
ЕЛЕУОВ Көшен (27.4.1892, Қарағанды облысы Қарқаралы ауд. . - 3.9.1971, сонда)- ақын. 1916 ж. қара жұмысқа алынып, Ресейдің батыс шекарасында болады. 1917 - 27 ж. ауылдық кеңесінің төраға орынбасары, төрағасы қызметін аткарған. 1938 ж. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындарына арнап ашқан қысқа мерзімді курсында оқыған. Елеуов өлеңдерін жазып та, ауызша да шығарган. "Елге сәлем" (1916), "Туысканға", (1927), "Торғайға тарату" (1941), "Жас батыр" (1944), "Қандай қызык тамаша" (1949) өлеңдерімен, "Баян", "Қорқыт", "Бозінген", "Сарыарқалық жігіт", "Екі дос", "Қарағанды", "Жылқышы" дас- тандарымен елге танылған. 1943 - 1962 ж. ауд, облысы, респ. айтыстарға катысқан. Айтыстары мен топтама өлендері "Акындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (3-т, 1966), "Қаһарлы сөз қамал бұзады" (1969), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарына енген.
Шығармашылығы
Алғашқы өлеңі — «Елге сәлем» (1916). «Баян», «Қорқыт», «Бозінген», «Сарыарқалық жігіт», «Екі дос », « Қарағанды », « Жылқышы » дастандарын шығарды.
1943—1961 жылдары аудандық, облыстық, республикалық халық талаптарының жиындарына қатысып, онда Шашубай, Ілияс, Маясар, Жолдыкей тәрізді ақындармен айтысқа түсті.
Айтыстары мен топтама өлеңдері. «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1966), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында жариялайды.
Дереккөздер
- Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|