Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін енгізу қажет. |
Лайош Кошут (маж. Kossuth Lajos; 1802 жыл 19 қыркүйек, (қазіргі ) — 1894 жыл 20 наурыз, Турин) — Венгрияның саяси және мемлекет қайраткері, революционер, журналист және заңгер, премьер-министр және 1848-1849 жылдардағы Венгриядағы Революция кезінде басқарушы-президент.
Өмірбаяны
1841-1844 жылдары «Пешти хирлап» («Pesti Hirlap») газетін шығарып, Габсбургтердің абсолюттік езгісіне қарсы тұрды. 1849 жылы 2 мамырда Венгрияның жоғарғы билеушісі болып сайланды. 1849 жылы 11 тамызда үкімет билігін венгр ұлттық әскерінің бас қолбасшысы А.Гергейге беріп, өзі эмиграцияға кетті. Австрия үкіметі Кошутты сыртынан өлім жазасына кесті. 1852-1859 жылдары Ұлыбританияда тұрып, А.И.Герценмен кездесті, онымен дос болды. Венгр Халық Республикасында Кошут атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалған.
Дереккөздер
- Маркс К., Кошут и Луи-Наполеон, Маркс К. И Энгельс Ф., Соч., 2 басылым, 13 том; Энгельс Ф., Борьба в Венгрии
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Lajos Kossuth |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер