Ландау Лев Давыдович [9(22).1.1908, Баку — 1.4. 1968, Мәскеу] — орыс ғалымы, КСРО ұлттық академиясының академигі (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетін бітірген (1927). 1932 жылдан Харьковтегі , 1937 жылдан КСРО ұлттық академиясының Физикалық проблемалар институтында, 1947 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ-дің) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1926 ж. екі атомды молекулалар спектрінің қарқындылығы туралы өзінің ең алғашқы ғылыми жұмысын жариялады. 1927 ж. ұғымын тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізді. Ол металдың электрондық диамагнетизм теориясын (1930), антиферромагнетизм теориясын (1936), екінші текті фазалық ауысудың жалпы теориясын (1937), біріге отырып, ғарыштық сәулелердегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын (1938), сұйық гелийдің асқын аққыштық теориясын (1941), электрондық плазманың тербеліс теориясын (1946), В.Л. Гинзбургпен бірге асқын өткізгіштің жартылай феноменол. теориясын (1950), жоғары энергиялы бөлшектердің өзара соқтығысуы кезіндегі бөлшектердің тасқындап туу теориясын (1953), А.А. Абрикосовпен, т.б. бірлесе отырып кванттық электрдинамика негіздерін (1954 —1955), комбинациялық жұптылықтың жаңа принципін және екі құраушылы (компонентті) нейтрино теориясын (1956), Ферми сұйықтығының теориясын (1956 — 1959), т.б. жасады. Ландау Л.Д көптеген физик-теоретиктердің (, , , А.А. Абрикосов, , , т.б.) мектебін құруына ықпалын тигізді. Ресей ұлттық академиясының Теориялық физика институты Ландаудың есімімен аталады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1949, 1953) Нобель сыйлығы (1962) және Лениндік сыйлық(1962), лауреаты болды, Социалистік Еңбек Ері (1954). 3 мәрте Ленин орденімен, т.б. орден, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Абрикосов А.А., Академик Л.Д. Ландау, М., 1965
- Гинзбург В.Л., Лев Давыдович Ландау (К 60-летию со дня рождения), “Успехи физических наук”, 1968, т. 94, в.
- Лифшиц Е.М., История открытия и объяснения сверхтекучести жидкого гелия (К 60-летию академика Л.Д. Ландау), “Природа”, 1968
- Ларшон М. Нобелевская премия по физике 1962 года: Лев Ландау. 2013 жыл 24-26 сәуір.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер