Лиам Хемсворт (ағылш. Liam Hemsworth; 13 қаңтар 1990, Мельбурн, Аустралия) — Австралиялық актер. Джош Тейлор ролінде аустралиялық « және Маркус ролінде «Пілдердің ханшайымы» атты телевизиялық хикаяларымен танымал бола бастаған. 2010 жылы Америкалық « драмасында және 2012 жылы Сьюзен Коллинзтің бестселлерге айналған романдары бойынша «Аштық ойындары» фильмінде Гейл Хоторнды бейнелейді.
Лиам Хемсворт | |
Liam Hemsworth | |
Лиам Хемсворт -да 2015 ж. | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | 2007 — қазіргі уақытқа шейін |
IMDb |
Өмірбаян
Лиам Хемсворт Австралияның Мельбурн қаласында дүниеге келген. Анасы Леони ағылшын тілінен мұғалімі болса, әкесі Крейг Хемсворт әлеуметтік көмек ұйымының көмекшісі болған. Жанұясында кенжесі, одан басқа және Крис есімді ағалары бар. Олар да актер.
Лиам 8 жасқа толған кезде отбасымен кішкентай Филлип аралына көшіп кетеді. Хемсворт ағалармен ол жерде көп уақыт бойы сёрфингпен айналысқанын айтады. Актерлік мансабын жалғастыру үшін 2009 жылдың наурыз айында ол АҚШ-қа көшіп келеді. Алғашында Крис және Лиам Кристің агенті Уильям Уордтың үйінде тұрып жүреді кейіннен олар Лос Анжелестен пәтер жалдап тұрады.
Киномансап
2007-2010: Карьерасының басталуы
Лиам ағаларының ізін қуалап оқушы кезінен мектеп спектакльдерінде ойнай бастаған. Кәсіби карьерасын 2007 жылы «Үйде және жолда» және «МакЛеод қыздары» деген хикаялардан бастайды. 8 шілде 2007 жылы ағасы Люк ойнап кеткен « телехикаясына түсе бастайды. Ол хикаяда аяғы істемейтін Джош Тейлор деген мүгедек спортшы кейіпкерін 2007-2008 жылдар аралығында сомдады. 2008 жылы Лиам «Пілдердің ханшайымы» телехикаясында түсе бастады, ол жерде басты ролде Маркус есімді гитарашы жігітті ойнады. Кейіннен «Қанағаттандыру» хикаясына және британдық «Үшбұрыш» триллеріне түседі. Сонымен қатар ол « фильмінде МТИ-дің студенті ролінде аздаған көріністерінде пайда болады.
2009 жылы Сильвестр Сталлоненің Жанқиярлар фильміне Сталлоненің одақтасы роліне таңдалынады, бірақ та кейіннен сценарийден оның кейіпкерін қиып тастайды. 2010 жылы Николас Спаркстың бір аттас романы бойынша « мелодрамасында Уилл Блейклиді сомдайды. Фильмде ойнаған кейіпкеріне Хемсворт ғашығының ролін ойнады. Кейіннен Майли Сайрустың 16 тамыз 2009 жылы шыққан «When I look at you» бейнеклипіне түседі.
2009 жылдың күзінде Хемсворт Австралиялық Foxtel ақылы телевизиясының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шарасына қатысады. 2010 жылдың наурызында Details журналы болжауы бойынша Лиам Хемсвортты “Голливудтың келесі буындағы Алдыңғы Ер адамы” деп таңдалынады. Кейін сол айда Чак Рассел режиссерлік ететін «Араб түндері» 3D экшн фильмінде басты ролде ойнайтыны белгілі болды. Сонымен қатар Лиам «Солтүстік Шұғыла» киносында басты ролде ойнайтығын жариялады.
Хемсворт Nickelodeon Australian Kids' Choice Awards 2010 сыйлығының номинанты болған. Ол және Майли Сайрус екеуі «Үздік сүйіс» номинациясын жеңіп алған.
2010 жылы Хемсворт музыкалық тобының “Colder Weather” бейнеклипіне түскен.
2011-қазіргі уақыт
4 сәуір 2011 жылы Lionsgate Аштық ойындарындағы Гейл Хоторнды ойнайтындығын жариялады. 2011 жылы маусымда және Тереза Палмер деген жұлдыздармен «Абырой мен махаббат» соғыс драмасына түседі.
2013 жылы Хемсворт Эмма Робертспен бірге «Эмпайр Стейт» және , , Эмбер Хёрд сынды актерлердің қатысуымен « фильмдерде ойнады.
Жеке өмірі
«Соңғы әуен» картинасынан кейін Хемсворт кинодағы әріптесі кездесе бастайды. Үш жылдан кейін 2012 жылы маусымда жұптар атастырылғандықтарын хабарлайды. Лос Анжелесте екеуі бірге тұрып жүреді бірақ 2013 жылы қыркүйекте жұптары ажырасады. 2014 жылы шілде айында Лиам “Сайрус екеуіміз ең жақын дос болып қала береміз” деп айтқан болатын.
Лиам Австралия Балалар Қорының елшілігі. Ол бұл қор туралы: “Менің ата-аналарым әлемдегі ең кереметі. Олар бұл салада жиырма жыл жұмыс жасап келеді және олар әрқашан маған қолғабыс ететін. Әлем балалар үшін өте қауіпті, сондықтан олар үшін үй қауіпсіз мекен болуы керек.” деп айтқан. Лиам Хемсворттен өзіңізді балалар үшін батыр санайсыз ба дегенде, ол: “Мен балалар үшін батыр екенімді білмеймін, бірақ та олар үшін үлгілі батыр болғым келеді,” деп жауап берген.
Фильмография
Фильмдері | |||
---|---|---|---|
Жыл | Фильм | Шынайы атауы | Ролі |
2009 | Үшбұрыш | Triangle | Виктор |
2009 | Knowing | Спенсер | |
2010 | The Last Song | Уилл Блейкли | |
2012 | Аштық ойындары | The Hunger Games | Гейл Хоторн |
2012 | Абырой мен махаббат | Love and Honor | Микки Райт |
2012 | Жанқиярлар 2 | The Expendables 2 | Билли «балақай» Тиммонс |
2013 | Эмпайр Стейт | Empire State | Крис Потамитис |
2013 | Paranoia | Адам Кэссиди | |
2013 | The Hunger Games: Catching Fire | Гейл Хоторн | |
2014 | The Hunger Games: Mockingjay - Part 1 | Гейл Хоторн | |
2014 | Cut Bank | Дуэйн Макларен | |
2015 | The Hunger Games: Mockingjay - Part 2 | Гейл Хоторн | |
Arabian Nights | |||
Телехикаялар | |||
Жыл | Хикая | Шынайы атауы | Ролі |
2007 | Home and Away | эпизод | |
2007 | МакЛеод қыздары | McLeod’s Daughters | Деймон |
2007-2008 | Neighbours | Джош Тейлор | |
2008-2009 | Пілдердің ханшайымы | The Elephant Princess | Маркус |
2009 | Қанағаттандыру | Satisfaction | Марк |
Музыкалық клиптер | |||
Жылы | Аты | Орындаушы | Ролі |
2009 | « | ||
2010 | «Colder Weather» |
Марапаттары мен номинациялары
Марапаттар | ||||
---|---|---|---|---|
Жылы | Нәтижесі | Марапаталды | Номинациясы | Жоба |
2013 | Жеңіс | Favorite On-Screen Chemistry (, Джош Хатчерсонмен бірге) | Аштық ойындары | |
2012 | Жеңіс | Choice Movie: Male Scene Stealer | Аштық ойындары | |
2012 | Номинация | Choice Male Hottie | Аштық ойындары | |
2012 | Номинация | Жыл серпіні | Аштық ойындары | |
2010 | Жеңіс | Жас Голливуд | Жыл серпіні | |
2010 | Жеңіс | Choice Movie: Male Breakout | ||
2010 | Номинация | Choice Movie: Liplock ( бірге) | ||
2010 | Номинация | Choice Movie: Drama | ||
2010 | Номинация | Choice Movie: Chemistry | ||
2010 | Жеңіс | Nickelodeon Australian Kids' Choice Awards 2010 | Kids Choice: Fave kiss |
Дереккөздер
- Cyrus 'saw in new year on Phillip Island'. Herald Sun (4 қаңтар 2010). Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Rapkin, Mickey The Hunger Games' Liam Hemsworth Has No Idea What's About to Hit Him: Cover Stars. Details (28 қараша 2011). Тексерілді, 18 тамыз 2013.
- Miley Cyrus Stole My Boyfriend. Woman's Day (31 тамыз 2009). Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Smith, Krista The Brothers Hemsworth. Vanity Fair (қаңтар 2010). Тексерілді, 28 ақпан 2010.
- Brothers LA's hot new family. Herald Sun (30 қазан 2009). Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Liam Hemsworth. Mark Morrisey & Associates. Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Hemsworth bros face off. Herald Sun (13 шілде 2007). Тексерілді, 28 ақпан 2010.
- Declan Napier. Neighbours.com.au. Neighbours. Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- The Elephant Princess. Jonathan-m-shiff.com.au. The Elephant Princess. Тексерілді, 28 ақпан 2010.
- Walters, David The Next Generation of Hollywood's Leading Men. Details (наурыз 2010). Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Conn, Leslie Casting for Miley Cyrus movie under way. Savannah Morning News (19 мамыр 2009). Тексерілді, 18 шілде 2009.
- Twitter / Adam Shankman: Just wrapped "When I Look.... Twitter (16 тамыз 2009). Тексерілді, 17 тамыз 2009.
- Savannah, 'The Last Song' featured in Miley Cyrus music video. Savannah Morning News (12 September 2009). Басты дереккөзінен 2 қаңтар 2010. Тексерілді, 12 қыркүйек 2009.
- Miley Cyrus Aussie lover Liam Hemsworth mum on romance at Foxtel event. The Daily Telegraph (30 қазан 2009). Тексерілді, 27 ақпан 2010.
- Comic Book & Sci-Fi Movie News – Heat Vision – The Hollywood Reporter. Heatvisionblog.com (14 тамыз 2013). Тексерілді, 18 тамыз 2013.
- Williams, Carly Liam Hemsworth to host Australian Nickelodeon Kids' Choice Awards. Herald Sun. Тексерілді, 20 қыркүйек 2010.
- Two-Time GRAMMY Winners Zac Brown Band Premiere "Colder Weather" Video Tomorrow at 11am ET on ZacBrownBand.com. Higherrockmusic.com. Тексерілді, 18 тамыз 2013.
- Hunger Games Casting News: Lionsgate Confirms That The Roles Of Peeta & Gale Have Been Officially Cast! – Hunger Games. Hungergamesmovie.org (4 сәуір 2011). Тексерілді, 18 тамыз 2013.
- Trumbore, Dave Liam Hemsworth Goes AWOL; Teresa Palmer, Austin Stowell, and Aimee Teegarden Also in Talks to Join. Collider (25 маусым 2011). Тексерілді, 28 ақпан 2012.
- Miley Cyrus Discusses Her Chemistry With Liam Hemsworth On 'Ellen'. MTV (25 наурыз 2010). Тексерілді, 25 наурыз 2010.
- Webber, Stephanie Miley Cyrus Stops Following Fiance Liam Hemsworth on Twitter. Us Weekly (14 September 2013). Тексерілді, 16 қыркүйек 2013.
- Miley Cyrus and Liam Hemsworth End Engagement. People (16 September 2013). Тексерілді, 16 қыркүйек 2013.
- Liam on Miley: "We’ll always be best friends". New York Post (6 шілде 2014). Тексерілді, 6 шілде 2014.
- Liam Hemsworth calls on Australians to support children by donating to Childhood Hero Appeal. Тексерілді, 23 наурыз 2012.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Liam Hemsworth |
- Лиам Хемсворт (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Лиам Хемсворт Twitter сайтында
- allmovie.com сайтында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер