Лисаков темір кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында, Тобыл темір жол стансасынан оңтүстікке қарай 20 км жерде. Кен орны 1937 жылы зерттелген. Ашық әдіспен игеріледі.
Құрылысы мен сипаты
Кенді қабаттың қалыңдығы 4 – 40 м. Кен гидрогетит және гидрогетит-сидерит-лептохлорит түрлеріне бөлінеді. Бұл минералдар қалыңдығы 4-24 м көлбеу кен денесін құрайды. Олардың шекарасы сынамалау әдісі бойынша анықталады. Аралары кенсіз тау жыныстары орналасқан төрт өнеркәсіптік кенді телімдерге бөлінеді:
- Басты телім - ұзындығы 20 км, ені 100-2500 м, қалыңдығы 12 м, қоры 29,7%,жабынының тереңдігі 8 м;
- Оңтүстік телім - ұзындығы 12 км, ені 100-1000 м, қалыңдығы 4 м, қоры 3,1%, жабынының тереңдігі 15 м.
- Дала телімі - ұзындығы 11 км, ені 100-2000 м, қалыңдығы 5 м, қоры 3,3%, аршылымының қалыңдығы 15 м;
- Шығыс телімі - жалпы қордың 63,9%-ы шоғырланған, оның ұзындығы 22 км, ені 100-2000 м, қалыңдығы 5 м, аршылымының қалыңдығы 20 м
Минералдары
Кенде кентастың бастапқы және үгілген түрлері бар:
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер