Литогенез (грек. лито - тас, генезис - пайда болу) - шөгінді, жанартаутекті шөгінді жыныстардың және кен байлықтарының одан әрі өзгеруі мен қалыптасу процестерінің жиынтығы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlEyTDBSNWJtRnRiMTl0WlhSaGJXOXlabDlsYm1kZmRHVjRkQzV3Ym1jdk1qZ3djSGd0UkhsdVlXMXZYMjFsZEdGdGIzSm1YMlZ1WjE5MFpYaDBMbkJ1Wnc9PS5wbmc=.png)
Теорияның шығу тарихы
1923 жылы ең алғаш Я.В.Самойлов (1870-1925) шөгінді жыныстарды зерттеу әдістемесі мен міндеттерін ашып көрсетіп, литологияны жеке ғылым саласы ретінде анықтап берді.
20 ғасырдың ортасында Ресейдің ғалым-литологы Н.М.Страхов (1900-1978) литогенез теориясын дайындаған. Бұл теория қазіргі және ежелгі шөгінді, сондай-ақ жыныс түзілудің салыстырмалы-литологиялық талдауына негізделген.
Литогенездің даму сатылары
- - тұнбаның түзілуі.
- Диагенез - тұнбаның нығыздануы.
- Катагенез (эпигенез) - температура және қысымға, кей жағдайларда газ және су ерітінділеріне байланысты өзгеруі.
- Метагенез - метаморфизмге дейінгі өзгеруі (құрамының өзгеруі).
Типтері
- типімен көмір, боксит түзілуі және марганецті темір кен орны байланысты.
- Аридтік литогенез типінде , табиғи тұздар мен мысты құмтас кен орындары түзіледі.
- Солтүстік Тянь-Шаньның, Іле, Жетісу Алатауларының, Алтайдың биік таулық мұздықтарымен байланысты.
- жанартаулы аудандарға тән.
- ірі су қоймасы ағыстарында (теңіздер, мұхиттар) пайда болады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер