Мазар (араб.: مزار — сиынатын орын) — мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрі Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдеріне ертеден кең тараған. Мысалы, Ауғанстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа Мазарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді. Зерттеушілер қазақ жерінде Мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, ) бастап, оның ең байырғы үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. 4 — 2 ғ.) жатқызады. Қазақстандағы , Алаша хан, Бабажа қатын кесенелері ортағасырлық Мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жеріндегі Мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қасбеті мен пештағына, күмбезіне нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты Мазардың қабырғалары мен маңдайшаларына аят және хадис үзінділері жазылып, қабір басына құлпытас қойылатын болды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер