Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы
Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы, Павлодар облысында Баянауыл ауданында, Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Талдыкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Мұндағы қоңыр көмір туралы мәлімет 19 ғ-дың басында алынған. Алғаш зерттеді. Төменгі-ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м. Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы 4 свитаға:
- ащыкөл
- талдыкөл
- шөптікөл
- жиренкөлге жіктеледі.
Олардың ішінде талдыкөл мен шөптікөл свиталарының 500 — 650 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл свитасында қалыңдығы 25 — 30 және 15 — 25 м болатын екі көмір горизонты, ал талдыкөл свитасында 4 көмір горизонты бар. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңд. 5 — 6 м) тұрады. Алаптың көмірі гумустық, күлділігі орташа (25 — 28%). Көмір шамалы күкіртті (0,5 — 1%) және фосфорлы (0,1%). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7 — 7,5 мың ккал/кг. Шайырдың шығымы 4 — 7%, кейде 10%, шөптікөл свитасында құрғақ көмірге шаққанда қышқылы 5% және битум 2,5% шамасында. Көмірді газға айналдырғанда жылу бөлгіштігі 1000 ккал/м3 болатын 3,5 м3/кг газ алынған. Сапалық көрсеткіштері бойынша алаптың көмірін жоғары сапалы энергетикалық отын, газға айналдыруға, кокстегенде Қарағанды алабындағы көміріне қоспа ретінде пайдалануға болады.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер