Максим Александрович Шацких (өзб. Maksim Aleksandr o‘g‘li Shatskix, Максим Александр ўғли Шацких; укр. Максим Олександрович Шацьких; 30 тамыз 1978, Ташкент, Өзбек ССР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында 1999-2011 жылдары ойнаған шабуылшы1999-2011 жж, Ұлттық құраманың капитаны болған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelkyTDAxaGEzTnBiVjlUYUdGMGMydHBhMmd5TURFM0xtcHdaeTh5TWpCd2VDMU5ZV3R6YVcxZlUyaGhkSE5yYVd0b01qQXhOeTVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Карьерасы
Өзбек футболының түлегі болғанымен, кәсіби карьерасын тек украиндық және ресейлік клубтарда өткізген. 1999 жылға дейін Ресейдің бірнеше клубында ойнады да, Киевтің "Динамосына" ауысты. "Динамода" тұрақты ойнап, 10 жылдай өнер көрсетті. 2009 жылы Қазақстанның "Астана" клубында жарты жыл тер төкті. Сосын қайтадан Украинаға барып, карьерасын аяқтағанша сол мемлекеттегі түрлі клубтар сапында ойнады. Карьерасында 124 доп соғып, Украина чемпионатының ең үздік мергеніне айналды.
"Динамо" сапында 1999 жылы "Жальгириспен" ойында алаңға шығып, УЕФА Чемпиондар Лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Сондай-ақ, ол Чемпиондар Лигасында гол соққан тұңғыш азиялық футболшы боп та тарихта қалды.
2012 жылы Украина чемпионатында 100 голдан артық соққан футболшылар қабылданатын "Олег Блохин атындағы мергендер клубына" мүше болды.
Украина чемпионатында "Максим Шацких атындағы мергендер" атты клуб та бар. Оған Украина чемпионатында 100-ден аса гол соққан легионер футболшылар мүше бола алады.
Өзбекстан құрамасы сапында 61 матч өткізіп, 34 гол соққан. Бұл әзірше рекорд саналады.
Бапкерлік карьерасы
2017 жылы 2 маусым күні "Динамоның" бапкері боп белоруссиялық экс-футболшы Александр Хацкевич тағайындалды да, Шацких көмекшілердің қатарына қосылды.
2022 жылы "Пахтакор" клубының бас жаттықтырушысы қызметін бастады.
Клубтары
жж | Клуб | Матч | Гол |
---|---|---|---|
1994—1995 | ![]() | 12 | (0) |
1995—1996 | ![]() | 4 | (0) |
1996—1997 | ![]() | 22 | (9) |
1997—1998 | ![]() | 27 | (9) |
1998—1999 | ![]() | 19 | (5) |
1999—2009 | ![]() | 215 | (97) |
1999—2004 | ![]() | 21 | (7) |
2001 | ![]() | 2 | (1) |
2009—2010 | ![]() | 15 | (8) |
2010—2012 | ![]() | 83 | (21) |
2013 | ![]() | 6 | (0) |
2013 | ![]() | 12 | (1) |
2014—2015 | ![]() | 25 | (5) |
2015—2016 | ![]() |
Жетістіктерi
- Украина чемпионы (6): 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2003/04, 2006/07, 2008/09
- Украина кубогы (5): 1999/2000, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2006/07
- Украина суперкубогы (2): 2004, 2006
- Бірінші канал кубогы (1): 2008
Дереккөздер
- Өзбекстан құрамасы футболшыларының статистикасы (ағыл.) // rsssf.com, 23 сәуір 2008
- Шацких украин азаматтығын алғысы келеді // terrikon.dn.ua, 4 маусым 2009
Cілтемелер
- Шахких атындағы легионер-мергендер клубы 2 мамырдың 2012 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер