Макс Карл Эрнст Людвиг Планк (нем. Max Karl Ernst Ludwig Planck; 23 сәуір 1858, Киль — 4 қазан 1947, Гёттинген) — неміс физик-теоретигі, кванттық теорияның негізін салушы. Берлин ғылым академиясының мүшесі (1894), 1912 — 38 ж. аралығындағы хатшысы.
Өмірбаяны
- Мюнхен және Берлин (1877 — 78) университетінде оқыған.
- 21 жасында “Жылу теориясы механикасының екінші заңы туралы” докторлық диссертация қорғап, 22 жасында приват-доценті атағын алды.
- 1885 жылдан Киль университетінің профессоры
- 1889 ж. кейін теоретикалық физика кафедрасының меңгерушісі және проф. қызметіне шақырылып, ғұмырының соңына (1947) дейін осы кафедраны басқарады.
Ғылыми еңбектері
Планктың алғашқы зерттеулері энтропия ұғымын дәлірек анықтауға, термодинамиканың заңдарын физикалық-химиялық процестерге қолдануға арналған. 1894 жылдан бастап Планк жылулық сәуле шығарудың термодинамикалық теориясы мен абс. қара дененің эл.-магниттік сәуле шығару спектріндегі энергияның таралу заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады (, Планк тұрақтысы). Планк негізгі бөлімдері бойынша терең әрі айқын баяндалған монография жазды. “Әсер квантын” ашуы арқылы физиканың дамуына қосқан аса ірі еңбегі үшін М.Планк 1918 ж. физика саласы бойынша Нобель сыйлығын алды.
Планк заңы
Планк заңы — абсолют қара дененің спектріндегі (термодинамикалық тепе-теңдік орнағанда) энергияның таралу заңы. Бұл заңды алғаш рет 1900 ж. неміс физигі М.Планк ашты. Планк энергия денеден дискретті (үздікті) порциялар — түрінде шығады деген жорамал негізінде енгізді. Ол осы жорамал негізінде абс. қара дененің сәуле шығару заңын ашып, осы құбылысты сипаттайтын классикалық теориядағы қайшылықтарды жойды. 1916 ж. А.Альберт Эйнштейн (1879 — 1955) атомдардағы тепе-теңдік сәуле шығару кезіндегі кванттық өтулерді зерттей отырып, Планк заңын теория жүзінде қорытып шығарды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Max Planck |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер