Мальта Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Мальтаның намысын қорғайтын құрама команда. УЕФА және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган - Мальта Футбол Қауымдастығы. Қазіргі (ақпан, 2018) бапкері - бельгиялық Том Саинтфит
Мальта Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты | Иоаниттер | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
| ||
Бас бапкері | |||
Капитаны |
| ||
Ең көп ойын саны | (123) | ||
Үздік бомбардир | (40) | ||
Үй стадионы | Ұлттық Стадион (Ла-Валетта) | ||
Формасы | |||
| |||
Бірінші ойын | |||
Мальта 2:3 Аустрия | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Мальта 7:1 Лихтенштейн | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Испания 12:1 Мальта | |||
Тарихы
Мальтада футбол сонау 19-ғасырда пайда болған болса да, елдің ұлттық құрамасы алғашқы ойынын 20 ғасырдың 50-жылдарында өткізген. Алғаш қатысқан ірі турнирі - 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі. Алғашқы раундта-ақ Даниядан екі кездесу қорытындысы бойынша 2:9 (1:6, 1:3) есебімен ойсырай ұтылған.
Әлем чемпионатының іріктеулеріне 1968 жылдан бері қатысып келеді. Осы турнирде 98 ойын өткізіп, не-бары екі кездесуде ғана жеңіске жеткен. 1993 жылы 12 мамырда Эстонияны, 2013 жылы 7 маусымда Арменияны 1:0 есептерімен ұтыпты. Еуропа чемпионаттарының іріктеулерінде көрсеткен нәтиже де осы шамалас: 102 ойынның үшеуінде ғана жеңіске жеткен.
Қызықты фактілер
ЕУРО-84 іріктеуінің соңғы турында (21 желтоқсан, 1983 жыл) Мальта құрамасы испандармен кездесті. Бірінші орындағы Нидерландыны басып озу үшін Испания құрамасы 11 доп айырмасымен ұтуы шарт еді. Матч 12:1 есебімен Испанияның жеңісімен аяқталды. Нидерланд тарапының шағымымен УЕФА өкілдері матчты қанша тексерсе де, "келісілген матч" дейтіндей ешбір себеп таппапты. Бұл — Мальта құрамасының тарихтағы ең ірі жеңілісі боп жылнамада жазылып қалды.
Ірі турнирлердегі көрсеткіштері
ӘЧ іріктеулерінде
Құрама | Қатысу | О | Ұ | Т | Ж | СД | ЖД | +:- |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Мальта | 9 | 98 | 2 | 9 | 87 | 32 | 290 | -258 |
ЕУРО іріктеулерінде
Құрама | Қатысу | О | Ұ | Т | Ж | СД | ЖД | +:- |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Мальта | 11 | 102 | 3 | 14 | 85 | 49 | 288 | -239 |
Сыртқы сілтемелер
- Мальта құрамасы жайлы ФИФА сайтында 4 желтоқсанның 2014 жылы.
- Мальта құрамасының барлық кездесулері 15 желтоқсанның 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер