Маман Байсеркеұлы (1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылы) — театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.
Маман Байсеркенов | ||
Жалпы мағлұмат | ||
---|---|---|
Туған күні | ||
Туған жері | ||
Қайтыс болған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). | |
Азаматтығы | ||
Мамандығы | ||
Белсенді жылдары | ||
Бағыты | ||
Марапаттары | |
Толығырақ
- Маман Байсеркеұлы 1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген.
- 1964 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
- 1964 — 1965 жылдары Атырау облыстық драма театрында
- 1965 — 1970 жылдары Қызылорда облысы қазақ драма театрында режиссер, кейін бас режиссер
- 1972 — 1976 жылдары Жамбыл облысы қазақ драма театрында
- 1976 — 1981 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері
- 1981 — 1983 жылдары Республика Корей музыка театрында режиссер болып істеген.
- 1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.
Шығармашылығы
- Байсеркенов жаңа көзқарас, тосын шешімге бейім режиссер. Ол қойған В.С. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, А. Штейннің “Толас”, Ян. Соловичтің “Түлен түрткен тіленші”, С. Шаймерденовтің “Әнім сен едің”, Ғ. Мүсіреповтің , У.Шекспирдің “Гамлет”, т.б. спектакльдер көрерменнің ықыласына ие болған. Байсеркенов қазақ театр өнері тарихында бірінші рет бір спектакльді екі кешке бөліп қойып, М. Шолоховтың “Тынық Дон” трилогиясының Т. Әлімқұлов аударған сахналық нұсқасын сахнасына шығарды. Байсеркенов — “Түлен түрткен тіленші” атты аударма пьесалар жинағының, “Қолтаңба және қойылым”, “Сахна және актер” деген ой-толғаулар кітабының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі
- 2007 - Құрмет ордені
- 1998 - Қазақстанның халық әртісі
- 1994 - өнертану ғылымдарының профессоры
- 1970 - Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген өнер қайраткері
- 1968 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
Дереккөздер
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер