Мардан Келдібайұлы Байділдаев (12.4.1926, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылы — 5.3.1994, Алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші.
- ҚазМУ-ді бітірген (1995).
- Ұзақ жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында ғылым қызметкер болды, халық әдебиеті үлгілерін жинаумен, зерттеумен айналысты. Т. Жүргенов, С. Есқараев сияқты қайраткерлердің өмірбаянын анықтауға күш-жігер жұмсады. Айтыс өнерінің қайта жандануына көмектесті. “Шаһнаманың” Тұрмағамбет Ізтілеуұлы аударған 40 мың жолдық қолжазбасын тауып, оқырман назарына ұсынды. “Рүстем дастан” (1961), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарын шығаруға қатысты. “Қорқыт ата кітабын” Ә. Қоңыратбаевпен бірге аударды. “Ақындар творчествосы”, “Ақын-жыраулар” атты зерттеу кітаптары бар.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|