Касаева Марфа Филипповна (1917 - 1989), құрылысшы, сылақшы. Социалистік Еңбек Ері (1964), ҚазКСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы. 1939 - 1970 жылдары Балқаш қаласының «Прибалхашстрой» тресіндегі №2 құрылыс басқармасында сылақшы болып еңбек етті. Жоғары сапалы жұмыс нәтижесінде сан рет социалистік жарыс жеңімпазы болды. Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|