Матабеле (матебеле, амандебеле) — Оңтүстік-батыс Зимбабвенің жергілікті тұрғындары. жатады. Жалпы саны 1,7 миллион адам. (2010, бағалау), елдегі екінші үлкен халық. Олар сондай-ақ Ботсвананың солтүстік-шығысында тұрады (60 мыңнан астам адам).
матебеле, амандебеле | |
Матабеле | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,7 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
| |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Тілі
сөйлейді (Зулу диалектісі).
Діні
Жергілікті дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбіреулері христиандар.
Тарихы
Ежелгі тарихы жөнінде мәліметтер тым аз. 1830 ж. Матабелелер шона тайпасын бағындырып, солардың мәдениетін қабылдаған. 19 ғасырдың аяғында Англияның отары болды. 1980 жылдан Зимбабве мемлекеті құрамында.
Кәсібі
Дәстүрлі кәсіптері – мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал), тауық өсіру, қолмен атқарылатын егіншілік (құмай, жүгері, жержаңғақ, елеусина, тәтті картоп, бау-бақша және бақша дақылдары). Қазіргі кезде сонымен қатар мақта, күріш, темекі егеді. Зауыттарда, шахталарда жалдамалы жұмыс істейді. Дәстүрлі қолөнері - тері өңдеу, қыш күйдіру, ағаш ою.
Өмір салты
XIX ғасырдың аяғында олар алғашқы қауымдық жүйенің ыдырау сатысында болды, зұлу ұйымына ұқсас әскери ұйым құрылды. Құлдарға, мыңдаған мал табындарына иелік еткен әскери ақсүйектер элитасы ерекшеленді. Жалпы экзогамия сақталады, некені сатып алу жүйесі бар (лобода). Бұрын полигиния кең таралған.
Елді мекендерді (крааль) сақиналы пішінде орналасқан. Тұрғын үйлері аласа, күмбезді, қабырғалары балшықпен сыланған шыбықтардан қаланған, төбесі конус тәрізді шөппен жабылған, едені сазды (саз және сиыр тезегі қоспасымен үнемі жаңартылып отырады).
Дәстүрлі киімдері: әйелдер - алжапқыш, белдемше, жабынды (каросс), аяққа киетін теріден жасалған сандал секілді киімдерімен ерекшеленеді. Бастарына түйеқұс қауырсынынан жасалған бас әшекейлері, темір мен мыстан жасалған моншақтармен, қол, аяқ және мойын сақиналарымен безендірілген. Ерлері кең шалбар, қамзол киеді.
Тағамның негізі - көкөніс дәмдеуіштері қосылған ботқа, олар құмайдан сыра ішеді, сонымен қатар ет және сүт өнімдерін пайдаланады.
Ауыз әдебиеті қиял-ғажайып ертегілер мен аңыздар, батырлар жырына бай.
Дереккөздер
- Большая советская энциклопедия МАТАБЕЛЕ https://bse.slovaronline.com/18838-MATABELE
- Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2191772
- Матабеле http://www.etnosy.ru/taxonomy/term/1329
- Большая Советская энциклопедия Матабеле https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/55861-matabele/
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том
- Народы и культуры Матабеле https://travel-journal.ru/ethno/40/1001/
- народы мира / Матабеле http://www.etnolog.ru/people.php?id=MATA
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер