Маусым жарлығы– “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы -нің 1916 жылы 25 маусымдағы “” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Толығырақ
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references>
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
- Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , 10 том
- Восстание 1916 ж. в Средней Азии и Казахстане, сб. документов, М., 1960
- Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер