“Махабхарата” (санскрит महाभारतम् – “ұлы Бхарата туралы аңыз”) — эпосы. Үндістанның солт. және солт.-батыс тайпаларына ауызша тараған мен жырлардың негізінде құралған. Оның шығу тарихы б.з.б. 2 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы б.з. 1 ғ-ында қалыптасқан. “М-ның” бастапқы мәтіні (25 мың жолға жуық) бірнеше рет толықтырылып, өңделген. Эпос алғаш , кейінірек санскрит тілінде жырланған. Жырға Хастинапураны (қазіргі ) билеу үшін таласқан екі тайпа мен олардың одақтастары арасындағы қырғын соғыс арқау болған. “М.” 18 кітаптан және көлемі үлкен бірнеше кіріспе жырлардан, негізгі сюжетпен тығыз байланысты фольклорлық сипаттағы “Чакунтале туралы хикая”, “Рама туралы жыр”, “Матсья туралы хикая”, “Шиви патша туралы хикая”, “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая” атты аңыздардан, кітапқа кейінірек енген “Бхагавадгита” дастанынан құралған. Эпос авторы Вьяса тарапынан баяндалады да, бірте-бірте тікелей қатынасушы кейіпкерлер тарапынан баяндауға көшеді. Үндістан, Индонезия, Бирма, Камбоджа, Тайланд, Шри-Ланка халықтары әдебиетіндегі образдар мен сюжеттердің көпшілігі “М.” жырынан бастау алған. Еуропада “М.” эпосы 18 ғ-дың аяғында “Бхагавадгита” жырының ағылшын, неміс және орыс тілдеріндегі аудармасы жарық көруіне байланысты белгілі бола бастады. 19 ғ-дың басында “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая”, т.б. тараулары аударылды. “М.” дүниежүз. маңызы бар ескерткіш деп танылып (19 ғ.), ғалымдардың назарын аударды. “М.” эпосының толық нұсқасы 1948 ж. ағылшын тіліне аударылды. 1950 — 67 ж. аралығында орыс тіліне тәржімаланды. “М-ны” зерттеуде үнді ғалымдарымен бірге Еуропаның Ф.Бопп, Л.Шредер, С.Соренсен, Г.Бюллер. т.б. ғалымдары көп еңбек сіңірді.
Дереккөздер
- Ильвин Г., Старинное индийское сказание о героях древности “Махабхарата”, М., 1958
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер