Мағауия Хамзин (29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979).
Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.
Өмірбаяны
- 1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.
- 1944 жылы қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.
- 1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары қызмет етті.
- 1952 - 1957 жылдары көркемөнерпаздар ұжымын басқарды.
- 1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.
Репертуары
Хамзиннің репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз, т.б. халық композиторларының күйлері бар. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.
Ол қазіргі заман тақырыбына арнап:
- "" (2 нұсқасы)
- "Шахтер күйі"
- "Космонавтар"
- "Алтын астық"
- "Жайлау"
- "Жарыс"
- "Амангелді туралы күй"
- "Шопан күйі"
- "Белгісіз солдат"
- "Тоқырауын толғауы"
- "Жас қазақ", т.б. күйлерін шығарды.
Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.
Марапаттары
- 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-інің халық әртісі құрметті атағы берілді.
- 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.
Дереккөздер
- https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер