Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі.
Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 30.03.1940 Алматы облысы, , Еркін аулы |
Қайтыс болғаны: | 12.10.2015 Астана |
Мансабы: | Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры |
Қысқаша өмірбаяны
1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, , Еркін аулында дүниеге келді. Уақ тайпасынан шыққан.
1958—59 жж. қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды.
1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1992—93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті.
1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен төрағасы болып тағайындалады.
2001 ж. « атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды.
2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды.
2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды.
Астанадан 17 шақырымдағы Ұлттық пантеонға жерленген.
Дереккөздер
- Айнымас адал дос еді | | Ortalyq.kz (kk-KK).
- Шексіздік ∞ | | Ortalyq.kz (kk-KK).
- Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — .
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Марапаттары
Отан алдындағы еңбектері үшін «Парасат» орденімен, 5 медальмен марапатталды.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер