«Мезгілсіз сезім» (түр. Aşk-ı Memnu) — компаниясы түсірген түрік телесериалы. Осы телесериал Halit Ziya Uşaklıgil жазылған романды түсірілді.
Мезгілсіз сезім Aşk-ı Memnu | |
![]() Сериал тақырыбы жазылған кадр | |
Жанры | Мелодрама Драма |
---|---|
Идея авторы | |
Рөлдерде | Берен Саат Қыванч Татлытуғ Хазал Кая |
Композиторы | |
Мемлекет | |
Тілі | Түрік |
Маусымдар саны | 2 |
Сериялар саны | 79 |
Өндіріс | |
Продюсер | |
Режиссёрі | |
Сценарист | |
Серия ұзақтығы | 90 мин |
Статус | Басталды |
Хабар тарату | |
Телеарна | |
Бейне форматы | () () |
Дыбыс форматы | 5.1 |
Таратылым кезеңі | 4 қыркүйек 2008 - — 24 маусым 2010 |
Сілтемелер | |
IMDb | ID 1286677 |
өңдеу ![]() |
Тарихи
Бихтер мен Бехлүл атты екі жастың бір-біріне деген құпия сезімдері туралы сыр шертетін бұл хикая түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналды. Романтикалық махаббат оқиғасы көптеген елдерде көрермендер көңілінен шығып, кино саласындағы 18 марапатқа ие болды. Телетоптаманың Қазақстанда алғашқы рет 31 арнада қаңтар айында болған еді.
Ыстамбұлдағы сыйлы да, дәулетті жандардың бірі Аднан жұбайының қазасынан кейін, қызы Нихал, ұлы Бюлентпен бірге өзгелерден оқшау, мамыражай тірлік кешіп жатады. Бір күні ол жас сұлу Бихтермен танысады. Бойжеткенмен кездескен сәттен бастап, ол өмірге қайта келгендей болады. Ал, жақында ғана әкесінен айырылған жас қыз Аднаннан қорғаныш табады. Осылайша, жаңа өмір бастамақ ниетте Бихтер Аднанның жекежайына көшіп келеді. Алайда, мұнда ол күйеуінің жиені Бехлүл атты сымбатты жігітті кездестірді. Осы сәттен бастап, Бихтердің өмірі өзгеріп шыға келді. Бақытты да, тыныш және қауіпсіз өмір бастамақ болған сұлу аяқ астынан туындаған құштарлық сезімінің құрсауында қалады...
Бір-бірінен қаншалықты қашқақтаса да, Бихтер мен Бехлүл жекежайда кездеспей тұра алмайды. Ал, құштарлық сезімі жанға тыным берер емес. Бихтердің анасы Фирдевс екі жастың арасында туындаған алауды байқап қалады. Бұған алаң болған ол, қызының некесін сақтап қалу үшін Аднанның қызы Нихал мен Бехлүлді бір-бірімен жақындастырмақ болады. Алайда, Фирдевстің бұл ойыны Бихтердің шынайы сезімін мойындауға итермеледі. Ол енді Нихал мен Бехлүлдің жақындасуына кедергі жасамақ болады. Бұл ойынның соңы Бехлүл мен Бихтердің бір-бірінен алшақтауына алып келді.
Біраз уақыт өткен соң да Бехлүл өзінің Бихтерге деген сезімін мойындауға жүрексініп жүреді. Бихтер де шынайы сезімін ұмытып, Аднанмен арасын жылыту мақсатында демалыс күндері күйеуімен бірге оңаша қыдырмақ болады. Алайда, екі ғашықтың арасына қашықтық та бөгет бола алмады. Бихтер жоқ кезде Фирдевс Нихал мен Бехлүлдің арасын жақындатуға барын салады. Бихтер мен Аднан саяхаттан оралған соң, мерекелік кешкі ас ұйымдастырады. Ал, ас үстінде Бехлүл айтқан жаңалық отбасы мүшелерін бірден таң қалдырды...
Сериалдың Кейіпкерлер
Рөл | Актерлер | Кейіпкер |
---|---|---|
Бихтер Йореоглу Зиягил | Берен Саат | Фирдевс және Мелих Йореоглуның қызы. |
Бехлүл Хазнедар | Қыванч Татлытуғ | Аднан Зиягилдің алыс ағайын. |
Фирдевс Иероглу | Бихтердің анасы. | |
Аднан Зиягил | Ыстамбұдың ең бай кісі. | |
Дениз ДеКортон | Нихал мен Бюлент бала бағушы. | |
Нихал Зиягил | Хазал Кая | Аднан Зиягилдің қызы. |
Бюлент Зиягил | Аднан Зиягилдің ұлы. |
Дереккөздер
- Отыз бірінші арнаның аудармасы — «Мезгілсіз сезім»
Сыртқы сілтемелер
- Aşk-ı Memnu (түрік.). — Ресми сайты.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер