Мезотелий (mesothelium, грек, mesos — орташа, theli — кеуделік емізікше) — сірлі қабықтарды сыртынан қаптап жатқан, бірқабатты бірқатарлы жалпақ эпителий. Мезотелий көкірек, құрсақ және жамбас дене қуыстарындағы ішкі мүшелердің сыртқы сірлі қабықтарын құрап, аталған дене қуыстарының ішкі бетін астарлайды. Сонымен қатар, мезотелий сірлі қабықтар мен олардың туындьшарын (өкпе, қуыстары, жүрекқап — перикард, шажырқайлар, үлкен және кіші шарбылар, байламдар, үңгілер т.б.) түзеді. Мезотелий жасушалары — мезотелиоциттердің пішіні жалпақ, көпбұрышты (полигоналды), биіктігі енінен кіші, жасушалар жиектері иректеліп келеді. Олардың шеткі бетінде аздаған микробүрлер кездеседі. Мезотелий ішкі мүшелердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз ететін және олардың қозғалуы мен жылжуына қолайлы жағдай жасайтын сірлі сұйық бөліп шығарады. Мезотелий адам мен жануарлар организмдерінде қорғаныс қызметін де атқарады.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер