Мемлекеттік облигация– бюджетті жасау мен атқару міндеті жүктелген мемлекеттік атқарушы орган шығарады.
Толығырақ
Мемлекеттік облигация бюджет тапшылығын, сондай-ақ түрлі мемл. жобаларды қаржыландыру мақсатымен шығарылады. Мемлекеттік облигацияны орналастыру кезінде тартылатын қаражаттың көлемі мен құрылымы, сондай-ақ оны жұмсау тәртібі бюджетте елдің бюджет заңдарына сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік облигация бастапқы нарықта жазылысты ұйымдастыру немесе сату жолымен, сондай-ақ аукцион мен қайталама нарықты өткізбей, сатып арқылы таратылады. Шығарушысына қарай аймақтық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, республикалық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, мамандандырылған үкімет мекемелерінің мемлекеттік облигациясы; қарыз валютасына (айналыс нарығына) қарай сыртқы мемлекеттік облигация (еурооблигация), ішкі мемлекеттік облигация болып бөлінеді.
Сілтемелер
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — экономика бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |