Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва (1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған) — кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва | |||||
Жалпы мағлұмат | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Мамандығы | |||||
Белсенді жылдары | 1970 - осы уақыт | ||||
Марапаттары |
|
Жалпы мәліметтер
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
- 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.
- 1969-1973 ж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген.
- КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Х.Бөкееваның класында дәріс алған.
- 1973 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында артистік театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973).
Рольдері
- «Қыз Жібек» (1970)
- «Ағам менің» (1972)
- «Ұлымның оралуы» (1977)
- «Қосымша сұрақтар» (1977)
- «Тентек балалар»(1980)
- «Аждаһа жылы» (1981)
- «Орнамент» (1982)
- «Кінәңді ақта» (1983)
- «Жауын»
- «Ақ бақсы», т.б.
- «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
Жеке өмірі
Меруерт Қаратайқызының жұбайы: қазақ киносының жұлдызы, Қазақстанның халық артисі, "Парасат" орденінің иегері Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков.
Марапаттары
- М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанған.
- Республикалық «Жігер» фестивалінің де лауреаты.
- 1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы.
- 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2008 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталған.
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалі.
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)
- 2017 жылы 13 желтоқсанда Елбасының қолынан Парасат орденімен марапатталды.
- ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер