Мехлис Қасымұлы Сүлейменов (01.03.1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1982), профессор (1985), Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1990).
Жыл | Оқиға |
---|---|
1960 ж | Қазақтың ауыл шаруашылық институтын бітірген |
1960 – 1962 жылдар | Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станцияның ғылыми қызметкері |
1962 ж | Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі |
1982 – 1985 жылдар | Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары |
1985 – 1990 жылдар | Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді |
1992 – 1994 жылдар | А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының директоры |
1994 – 1995 жылдар | ҚР Парламентінің депутаты |
1995 – 1996 жылдар | Қазақ ауыл шаруашылық академиясының |
1997 жылдан | Тәлімі құрғақ жерлерде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру Халықаралық ғылыми орталығының (ИКАРДА) Орталық Азия және Закавказье елдері бойынша аймақтық үйлестірушісінің орынбасары |
Зерттеулері
Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25 – 30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді.
Марапаттары
Сүлейменов 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген. Еңбек , “Құрмет белгісі”, “” ордендерімен, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары
- Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы, М., 1986;
- Какому быть полю, А., 1991;
- Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия и изменившихся социально-экономических условиях. Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях, НПЦЗХ, Шортанды, 2003.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер