Монтмориллонит (Францияның Вьенна департаментіндегі Монтморийон қаласының атынан шыққан) – силикаттар класының минералы. Химиялық құрамы: (Na, K, Ca) (Al, Fe, Mg) [(Sі, Al)4O10] (OH)2*nH2O. Минералдың құрылымы үш қабатты пакеттен (текшеден) тұрады. Оның екі қабаты кремний-оттекті тетраэдрден құралған, олардың арасындағы алюминий катиондарынан тұратын үшінші октаэдрлі қабаты кристалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Пакет (текше) араларын су молекулалары Ca2+, Mg2+, Na+, K+, т.б. алмасу катиондары толтырады. Алюминийдің Fe3+, Cr3+, Ca2+, Mg2+, Zn2+, Cu2+, Lі+, т.б. катиондарымен алмасуынан Монтмориллониттің , керолит, хризоколла, бейделлит, сапонит, т.б. көптеген түрлері түзіледі. Монтмориллонит жасырын кристалды, топырақ тәрізді, тығыз массалы агрегаттар құрайды және ұсақ қабыршақтар түрінде кездеседі. Магмалық жыныстардың, олардың туфтарының, кальцийлі, темірлі шөгінді жыныстардың жер бетінде, құрғақ климат жағдайында, сілтілік ортада үгілуінен, сазды жыныстардың шайылып екінші жерге тұнуынан пайда болады. Түсі ақшыл сұр, көкшіл ақ, қызғылт, кейде жасыл; Моос шкаласы бойынша қатт. 1 – 2,5; тығыздығы 1,8 г/см3. Кавказ таулары, Қырым түбегі, Түрікменстан, АҚШ, Жапония, Франция, т.б. елдерде Монтмориллониттің бірнеше кендері бар. Мұнай өнімдерін тазарту, сабын қайнату, резина, қағаз, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін тазарту, т.б. үшін қолданылады.
Montmorillonite | |
---|---|
A sample of montmorillonite (unknown scale) | |
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | (Na,Ca)0.33(Al,Mg)2(Si4O10)(OH)2·nH2O |
Monoclinic prismatic : 2/m : C2/m | |
a = 5.17 Å, b = 8.94 Å, c = 9.95 Å; β = 99.54°; Z = 1 | |
Ерекшеліктері | |
Түсі | White, pale pink, blue, yellow, red, green |
compact masses of lamellar or globular microcrystalline aggregates | |
[001] perfect | |
Uneven | |
бойынша минерал қаттылығы | 1-2 |
Translucent | |
1.7-2 | |
Оптикалық сипаты | Biaxial (-) |
nα = 1.485 - 1.535 nβ = 1.504 - 1.550 nγ = 1.505 - 1.550 | |
δ = 0.020 | |
Measured: 5° to 30° | |
Дереккөздер |
Дереккөздер
- Handbook of Mineralogy
- Mindat
- Webmineral data
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , XI том 27 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер