Мұнай кенорны - бір немесе бірнеше тұтқышпарда жинақталған, бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын және бір ғана жергілікті алаңда орналасқан мұнай жатындарының жиынтығы. Мұнай кенорны кристалдық іргетасы келбрийге дейін тұрақтанған платформаларда, қатпарлы негізі палеозойлық жас платформаларда, шеткі ойысымдарда, эпипталтформалық және эпигеосинклиндік орогендік аймақтарда орнығуы ықтимал. Оны сипаттаушы негізгі өлшемдер: геологиялық құрылысы, өнімді горизонттары мен флюидтік тіректердің сипаттамасы, тұтқыштары мен жатындарының типтері мен саны, жатындардағы көмірсутектердің фазалық күйі, қорлары және алаң бойынша олардың тығыздығы. Жатындарының саны жөнінен бір жатынды, бірнеше жатынды, көмірсутектердің фазалық мөлшері жөнінен мұнай, газ-мұнай, газ-конденсат-мұнай кенорындары болып ажыратылады.
Дереккөздер
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер