Мұрат Ноянбайұлы Ахманов (1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2012).
Мұрат Ноянбайұлы Ахманов | ||
Жалпы мағлұмат | ||
---|---|---|
Туған күні | ||
Туған жері | ||
Азаматтығы | ||
Мамандығы | ||
Белсенді жылдары | ||
Бағыты | ||
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген
- 1971 - 1976 жылдары Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген. Алғашқы еңбек жолы 1976 жылдың тамыз айынан «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады.
- 1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін бітірген.
- 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режисерлік бөлімін бітірген.
Еңбек жолы
- 1976 жылы «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады.
- 1984 - 1993 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының қоюшы режиссері
- 1999 - 2001 жылдары С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері
- 2001 - 2005 жылдары қазіргі Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бас режиссері
- 2005 - 2010 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.
- 2010 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері.
Марапаттары
- 1998 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
- 2012 жылы — Құрмет ордені
Отбасы
- Жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хазима Нұғманова
- Екі ұл, бір қызы бар.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер