Мына мақаланы не бөлімін Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев дегенмен ұсынылған. () |
Қаратаев Мұхамеджан (1910— 1995) — Қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Телікөл ауылында туған. Әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР FA-ның академигі (1975). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974) .
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1933). Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төрағасы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының мүшесі, Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі. Жамбыл педучилищесінде оқытушы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") редактор, бас редактордың орынбасары, директор. ҚСЭ-нің бас редакторы (1968-1979), Қазақ КСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі.
Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне белсене араласты. 50-жылдардын орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму тарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақ әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. "Туған әдебиет туралы ойлар" (1958), "Шеберлік шыңына" (1963). "Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы" (1965), "Эпостан эпопеяға" (1969), "Революция рухымен" (1978), т.б. еңбектер жазды. "Даладағы дабыл" атты публицистикалық романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды. М.Горькийдің "Менің университетім", М.Шолоховтын "Тынық Дон" романын (3-кітап) аударған. Халыкаралық әдебиет сыншылары қауымдастығының мүшесі (1974), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ("Асулар алда" монографиясы ушін, 1974).
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер