Мұхаммед әл-Мұғтазз (араб.: محمد المعتز; 845, Самарра — 18 маусым 869, Самарра) — Ислам халифатының 32-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
Мұхаммед әл-Мұғтазз араб.: محمد المعتز | ||
![]() 867 жылы әл-Мұғтазздың атымен шығарылған динар | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
17 қазан 866 — 18 маусым 869 | ||
(Лақап аты Әл-Мұғтазз Билләһ) | ||
Ізашары | Ахмед әл-Мұстағин | |
Ізбасары | Мұхаммед әл-Мүһтәди | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 845 Самарра, Ислам халифаты | |
Қайтыс болуы | 18 маусым 869 Самарра, Ислам халифаты | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Жағфар әл-Мүтәуәккил | |
Анасы | Құбайһа | |
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Әл-Мұғтазздың әкесі әл-Мүтәуәккил оны әл-Мұнтасырдан кейінгі тақ мұрагері етіп қалдырған болатын. Бірақ жоғарыда да айтып өткеніміздей, әл-Мұстағин таққа келісімен түркі текті қолбасшылардың талабымен оны және бауыры әл-Мұғтаззды қаматады. Әл-Мұстағин мен әскербасылардың арасында келеңсіздік шыққанда халық әл-Мұғтаззды түрмеден шығарып, оған серт береді. Әл-Мұғтаззға серт берілген уақыттан бастап 18 маусым 869 жылға дейін билік етеді.
Әл-Мұғтазздың билігі кезінде түркі қолбасшылардың арасында да, әскердің басқа да бөліктерінде қарама-қайшылық пен күрес жалғасты. Халифа әл-Мұғтазздың дәуірі түркілердің саяси ықпалының ең күшті болған және қарсы күштердің де бас қосқан уақыт болып табылады. Әл-Мүтәуәккилден басталған түркілерге қарсы әрекет ақырындап күшейіп бар жатты. Бір жағынан, әскердің ішінде басқа да ұлттардан кейбір топтардың құрылуы, екінші жағынан, халықтың нақты түрде күреске кірісуі — түркі текті қолбасшылар үшін қауіптің белгісі еді.
Әл-Мұғтазз халифалықтан алыстатылғаннан кейін жанын аман алып қалатынына сөз бергенімен әл-Мұстағинді өлтірткен болатын. Әл-Мұғтазз әл-Мұстағинге берген сөзін бұзумен қатар, Ибраһим әл-Муаядты да мұрагерліктен алыстатып, оны және бауыры Әбу Ахмедті түрмеге қамайды.
Оның дәуірінде Фаристі алған Жақып ибн Ләйстің ықпалы күшейе түседі.
Әскерлер мемлекет қазынасында түк қалмағандықтан, жалақыларын сұрап әл-Мұғтаззға келеді. Әл-Мұғтазз оларға ештеңе төлей алмайтын болғандықтан, оны тақтан алыстатуға шешім қабылдап, биліктен бас тартуға мәжбүрлейді. Оған халифалықтан бас тартқандығын растайтын сөздерді өз қолымен жаздыртып алғаннан кейін, үш күн бойы ас-сусыз азапталып өлтірілуі сол кездегі халифалық биліктің қаншалықты деңгейде болғанын көрсетуге жеткілікті болса керек.
Дереккөздері
- Ислам тарихы. Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер