Мәсі— аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не () киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтрылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасынаа жіңішке сыздық салады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2WXk5ak5DOGxSRElsT1VFbFJEQWxRakFsUkRBbFFqY2xSREFsUWpBbFJESWxPVUlsUkRFbE9FSmZKVVF3SlVKREpVUXpKVGs1SlVReEpUZ3hKVVF4SlRrMkxtcHdaeTh5TWpCd2VDMGxSRElsT1VFbFJEQWxRakFsUkRBbFFqY2xSREFsUWpBbFJESWxPVUlsUkRFbE9FSmZKVVF3SlVKREpVUXpKVGs1SlVReEpUZ3hKVVF4SlRrMkxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.
Мөкі — мәсінің сыртынан киюге арналған кебістің бір түрі, былғырадан тігілген қонышсыз аяқкиім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табаның қатты ұлтаннан биік өкше етіп тікке. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген. Кейде кебістің өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салып шегелеп, тұмсығын домалақтап жасаған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
- Қазақ халқының ұлттық киімдері: Аяқкиімдер/ құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 237б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер