Мөңке би ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Мөңке би ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 1 ауыл |
Тұрғыны (2009) | 1172 |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 04 |
|
Әкімшілік құрамы
Құрамына Мөңке би ауылы кіреді. Орталығы - Мөңке би ауылы.
Тарихы
1997 жылы Бершүгір ауылдық округі (орталығы Қайыр а.) таратылып, Солёный ауылдық округіне (орталығы Қауылжыр а.) қосылды. Сол жылы Солёный ауылдық округі Қауылжыр ауылдық округі болып өзгертілді. Кейін Қауылжыр ауылдық округінен Мөңке би ауылдық округі бөлініп шықты. 2007 жылы округ құрамында болған Әбді, Алгелді ауылдары таратылды.
Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1172 адамды құрады.
Округте орта мектеп, балабақша, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, тұрғындар телехабар қабылдайды. Елді мекен табиғи газ игілігін көріп отыр. Кезінде 6 адам КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Аумақ тарихы
Бұрынғы өткен қарттардың айтуынша, бізге белгісіз ерте кездерде түскен ұлы Борсықтың орғыл-орғыл бұйрат құмдарын Арал теңізі жағының Құлымбет шыңы тұсынан Шалқар көліне қарай қақ жарып кесіп өтетін "Ноғай жолы" аталатын күре жол бар. Мөңке бидің ата қонысы саналатын осы аймақта қырғыздар мен ноғайлар кезінде ұрпақ өсіріп рулы елге айналған.
Сайлар
Ақсансай, Ақсерке, Бақатайсайы, Зікірсай, Садысай, Терісбұтақ, Тобылғысай, Тебенсай, Қарағансай, Шилісай, Шаңқұлсай, Қызыллеспе, Құмқұдық, Аққұдық, Қимас, Құттықұдық, Қауылжыр, Майлысай, Ақсай, Жұмырсай, Жайылма, Бақшалысай, Құмсай.
Көлдер
Ақмолалыкөл, Сүттікөл, Домалақкөл, Жомарткөл, Шыбынкөл, Қопасор, Ұялыкөл, Миялыкөл, Жыңғылдыкөл, Итжуалыкөл.
Төбе-таулары
Жалшоқат, Құмшоқат, Ырыстышаты, Әбді, Ақжар, Жамантау, Жақсытау. .
Дереккөздер
- Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы
- Хромтау және Шалқар аудандарының жекелеген елді мекендерін тарату туралы
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- Ж.Дәуренбекұлы, С.Құттыбайұлы "Алты ата Әлім" кітабынан, Алматы: "Рауан" 1992. - 21 бет.
- "Шалқар" энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер