Насабнама– қожалар әулетінің шежіресі. Ол өз ішінде әр әулеттің жеке шежіресі болып жіктеледі және негізінен аққорғандық, хорасандық және дуана қожалардың шығу тегін өрбітеді. “Насабнама” нұсқаларының қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Тек аққорғандықтардың шежіресінде ғана “Насабнама” алғаш араб тілінде жазылып, оны 1244 жылы Қожа Ахмет Иасауидің ағасы немересі түркі тіліне аударғаны жазылған. “Насабнама”-ның екінші нұсқасының авторы немесе құрастырушысы . Ол өзінің “” атты шығармасының соңына “” немесе “” тобының шежіресін қосқан. Басқа “Насабнама” нұсқаларында мұндай мәліметтер кездеспейді. “Насабнама” нұсқалары бір-бірінен өздерінің таралу аймағына қарай, ондағы айтылған тарихи оқиғалардың баяндалуымен, жер-су аттары көбірек аталуымен ерекшеленеді.“Насабнама” нұсқаларының жалпы құрлымдық жүйесі мен тарихи мағлұматтар жиынтығын былайша топтастыруға болады:
- 1) Түркістан жеріне ислам дінін таратушылардың бұған дейінгі қызметі;
- 2) Әулие Атаның () мемлекетін құрудағы күресі; әулетінен шыққан хандардың Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі билігі;
- 3) Сайрам, , Қарғалы қалаларының халқын ислам дініне кіргізуі, Қожа Ахмет Иасауи жайлы деректер;
- 4) Сырдың төмен ағысындағы дін жолындағы күресі;
- 5) үш бабтан тараған әулеттер шежіресі;
- 6) Ысқақ Бабтың уақфтық жер, суларының тізбесі.
19 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан жерін Қоқан хандығының басып алуына байланысты, қоқан билеушілері ыңғайына қарай жазылған “Насабнама” нұсқаларының жаңа редакциялары пайда болды. Осы кезеңде қоқандықтар билігін қолдаған бұрын Иасауи тариқатында болмаған әзлер тобы, нақыб тобы, шейх тобы атты қожалар шықты. Бұл топтар қоқан хандарының биліктерін заңдастыру үшін өз шежірелерін қожалар әулетімен байланыстырмақ болды. “Насабнама” нұсқалары ғасырлар бойына заңды құжат ретінде мойындалып, хандар мен қазылардың, басқа да лауазымды кісілердің мөрлерімен куәландырылып келді. Кейбір қолжазбаларға жалған мөрлердің басылғандығы анықталды. Бұл тарихи шежіреде Қожа Ахмет Иасауи тариқатының таралу аймақтары, силсилалары және Иасауи тариқатына арнайы бөлінген уақфтық жерлер туралы да мәліметтер бар. Онда көптеген жер-су аттары (Қашқар,Ферғана, , Алмалық, , Иасы, Отырар, Испиджаб, Шаш, Үргеніш, т.б.), осы аймақтарды билеген хандардың есімдері кездеседі. “Насабнама” нұсқаларының 8 – 13 ғасырлардағы Орталық Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Түркістан өңіріндегі тарихи оқиғалар мен рухани үрдістер жайлы мәліметтер беретін тарихи шығарма ретінде маңызы зор.
Сілтемелер
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер