Насихат , саяси насихат (латынның propaganda – тарату) – қандай да бір идеялар мен ілімдерді, теориялық білімдерді көпшілік арасында тарату, түсіндіру формасы. Алғаш рет Рим папасы (1655 – 67) арнаулы құжатта пайдаланған. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Насихат теориясының негізі қаланды. Неміс философы сыртқы ықпалда болатын адам психикасын зерттеу принциптерін тұжырымдаса, америкалық зерттеушілер пен аудиторияға әсер ету және тиісті сезімдер мен реакцияларды ынталандыру амалдарын жүйеледі. Насихат қоғамда белгілі бір көңіл-күйлерді қалыптастыруға және азаматтардың санасында қайсыбір құндылықтар мен түсініктерді бекітуге бағытталған қызмет болып табылады. Оның мақсаты – билік иесінің, саяси топтың, қозғалыстың мақсат-мұраттарына неғұрлым көп халықты ұйытып сендіру, соңынан ерту. Саяси Насихат түрлеріне қайсыбір саяси доктринаны, дінді, ұлттық идеяларды, белгілі бір топ мүдделерін немесе ғаламдық құндылықтарды насихаттау жатады. Ол белгілі бір маңызы бар саяси әрекеттерді (сайлау, қарсылық және ынтымақтастық шаралары, мемлекетаралық келіссөздер, т.б.) идеялық жағынан қолдау үшін пайдаланылады. Саяси Насихаттың тиімділігі қоғамдық сананың жай-күйіне, Насихат субъектісінің қабілеті мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпарат беру құралдарына байланысты. Әдетте демократиялық мемлекеттерде Насихат ұғымының орнына жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнс (publіc relatіons) секілді ұғымдар қолданылады; қысқаша Үгіт.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер