Нақыл– Нақыл сөз – өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз. “” атты еңбегінде: “Нақыл сөз деп – болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз” дейді. Нақыл сөздерді А.Байтұрсынов “ділмар сөз” десе, Ш.Құдайбердіұлы “мәнді сөздер” деп атаған. Мысалы: “Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық” (Абай). Нақыл сөздерді шартты түрде а) Отан мен халыққа, дәуірге қатысты; ә) оқу-білім, ғылым-өнерге; б) ақыл-парасат, ұлттық мұрат, арман-тілекке; в) адамгершілік қасиеттерге; г) достық, махаббат, ұрпақ сабақтастығы, уақытқа, мінез ерекшеліктеріне байланысты деп бөлуге болады. Нақылда аз сөзбен ордалы ой беріледі, олар өлең түрінде де, қара сөз қалпында да кездеседі. нақылдың алғашқы сөздік түзілімі көп өзгеріске ұшырай бермейді.
Сыртқы сілтемелер
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
- Успенский Л., Коротко об афоризмах, в сб.: Афоризмы, Л., 1964
- Төреқұлов Н., Қазақтың қанатты сөздері, А., 1969
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер