Анатолий Иванович Ненашев (5.01.1903, Тамбов - 28.09.1967, Алматы) – театр суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1954).
Анатолий Иванович Ненашев | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 5.1.1903 Тамбов қаласы Ресей |
Қайтыс болғаны: | 28.9.1967 Алматы |
Мансабы: | театр суретшісі |
Өмірбаяны
- Тамбов көркемсурет училищесінде оқыған.
- 1930 жылдан Алматы қалысында тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты.
- Қазақ муз. театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры) бас суретшісі болды (1933 – 65).
Еңбектері
Оның эскиздері бойынша театрда қойылған
- И.В. Коцык пен М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” (1938, 1943)
- Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” (1934, 1945, 1955; опера декорациясының макеті үшін Париж қаласында ұйымдастырылған Бүкіл дүниежүзілік. өнер көрмесінің алтын медалі берілді, 1937)
- “Жалбыр” (1935)
- “Ер Тарғын” (1937, 1954)
- “Дударай” (1953, 1957)
- М.Төлебаевтың “Біржан – Сара” (1946, 1957; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1949)
- Дж. Вердидің “Аида” (1948)
- Н.А. Римский-Корсаковтың “Патша қалыңдығы” (1952, 1957)
- Ю.С. Мейтустың “Жас гвардия” (1955)
- П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”
- Т.Н. Хренниковтың “Дауылда”
- І.Қожамияровтың “Назугум” (үшеуі де 1956)
- Дж.Россинидің “Севиль шаштаразы” (1957) спектакльдеріне арналған киімдер мен декорация эскизін жасады.
Поэзияға толы түр-түс сәнділігі, ықшамдылық пен ашық бейнелі шешім Ненашевтің суреткерлік шығармасына тән сипаты Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында қойылған Әуезовтың “Тас түлек”, Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1953), Әуезов пен Л.С. Соболевтың “Абай” (1962), А.С. Пушкиннің “Шағын трагедиялар”, Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (екеуі де 1964; Мемлекеттік сыйлығына, 1966), тағы басқа спектакльдерді көркемдеді.
Марапаттары
“Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том 2 бөлім
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер