Никола Риццоли (итал. Nicola Rizzoli; 5 қазан 1971, (Мирандола), Италия) — италиялық футбол төрешісі. 2002-17 жылдары Италияның жоғары лигадағы матчтарын басқарды. 2007 жылдан ФИФА төрешісі. УЕФА-дағы элиталы реферилерінің санатына кіреді.
Өмірбаяны
Футболдан бос кезінде архитекторлықпен айналысады. 2002 жылы алғаш рет Италия А сериясындағы "Венеция" — "Перуджа" матчын басқарды. Ал Еуротурнирлердегі алғаш төрелік еткен кездесуі - 2008 жылғы "Спортинг Лиссабон" — "Базель" матчы.
ЕУРО-2012 турниріндегі бас төрешілердің бірі болды.
УЕФА Чемпиондар Лигасының 2013 жылғы финалына ("Бавария — "Боруссия Дортмунд") төрелік етті.
2014 жылғы әлем чемпионатының финалын (Аргентина — Германия) басқарды. Әлем чемпионаттарының финалында бас төреші болған тарихтағы үшінші италиялық төреші. Бұған дейінгілер: (1978), Пьерлуиджи Коллина (2002).
Жетістіктері
- Италияның жеті дүркін үздік төрешісі: 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017
- ЕУРО-2016 турниріндегі ең үздік төреші.
Дереккөздер
- Никола Риццоли ЕУРО-2016 турнирінің үздік төрешісі (орыс тілінде). sportarena.com (9 қараша 2016). Тексерілді, 8 желтоқсан 2016.
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер