Нияз Барқыұлы, Сайдалы Нияз (туған-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырда өмір сүрген белгілі би, батыр.
Толығырақ
Тегі Орта жүз арғын ішіндегі қуандықтан тарайтын Сайдалы-Арыстан-Барқы руынан. Арғын тайпасының белгілі биі болған. Орта жүздің билеушісі Сәмеке хан қайтыс болғаннан кейін бір жылдан аса уақыт хан атынан билік жүргізген. 1740 жылы тамыз айында Ресей әкімшмен ордадағы болған келіссөздерге Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандарымен бірге қатысқан. Абылай жоңғарларға тұтқынға түскенде Әбілмәмбеттің ұлы Әбілфейізді және өзінің бір ұлын аманатқа берген. 1743 жылы көктемде аманаттар тобы келген соң Абылай тұтқыннан босатылады. Ол сондай-ақ Абылайдың Бұхара, Хиуа хандарымен, қырғыз манаптарымен болған соғыстарына қатысқан. Осы соғыстардан кейін Абылай Нияз Барқыұлына Ташкент қаласының төңірегіндегі біраз аймақтарды билеуге берді. Сондай-ақ Барқы Нияз Ташкентті 20 жыл (1728-1748) билеген. Сонда біраз билік жүргізіп, қартайған шағында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы , Ақтау деген жерге көшіп келді. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің іргесіне жерленген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер