Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970).
Қысқаша өмірбаяны
Нұрымбек Жанділдин | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1918 тамыздың 20-інде туған Қарағанды облысы |
Қайтыс болғаны: | 1990 жылы Алматы қаласы |
Мансабы: | философия ғылымдарының докторы, професор |
Арғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінн шыққан.
- 1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген.
- 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
- 1944–46 - БК(б)П ОК тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды.
- 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;
- 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі;
- 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі;
- 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры;
- 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі;
- 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы;
- 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды.
- 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды.
Еңбектері
- 196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған.
Шығармалары
- "Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956;
- "Природа национальной психологии", 1971;
- "Монолитное единство", 1976.
"Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Смаилов, Ж. Қаракесек Шаншар абыз әулеті [Текст] / Ж. Смаилов. — Алматы : Жедел басу, 2008. — 421 с. — ISBN 9965-702-65-9
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Сілтемелер
БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер