Нұт (лат. Cicer arietinum) - Бұршақ тұқымдасына жататын тағамдық өсімдік.
Нұт | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() (лат. Cicer arietinum) | ||||||||||
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekZsTDBOcFkyVnlYMkZ5YVdWMGFXNTFiVjl1YjJseVgwMUlUbFF1UWs5VUxqSXdNVGN1TVRJdU1pNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RRMmxqWlhKZllYSnBaWFJwYm5WdFgyNXZhWEpmVFVoT1ZDNUNUMVF1TWpBeE55NHhNaTR5TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Билогиялық сипаттама
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlJtTDBOcFkyVnlYMkZ5YVdWMGFXNTFiVjlVWVhWaU1USTVMbkJ1Wnk4eU1qQndlQzFEYVdObGNsOWhjbWxsZEdsdWRXMWZWR0YxWWpFeU9TNXdibWM9LnBuZw==.png)
Біржылдық өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 20 см-ден 70 см-ге дейін болады. Жапырақтары тақ қауырсын тәрізді. Жемісі құрғақ - 1-2 дәнді кейде 4 дәнді бұршаққап. Дәндерінің диаметрі 0,5 - 1,5 см. салмағы 150-300 гр. Түсі сарыдан қоңырға дейін болады. Дәндерінің пішіні қойдың басы немесе үкі тәрізді. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.
Таралуы
Нұт дүниежүзінің 30 елінде өседі. Көбіне (90%) тропикалық және субтропикалық Азия - Үндістан, Қытай, Пәкістанда өсіріледі. Африка (Марокко, Тунис, Эфиопия) және Америкада (Колумбия, Мексика) аз мөлшерлерде өсіріледі. Орташа есепбен 1 гектардан 0,6-0,8 тона алынады.
Химиялық құрамы
Нұт дәндеріде 20-30% ақуыз, 50-60% углеводтар, 7% майлар бар. Құрамында мырыш, фолий қышқылы, лизин аминоқышқылы, В-1 және В-6 витаминдер табылған.
Қолданылуы
Нұт Орта Азия, солтүстік Африка және Солтүстік Америкада көп қолданылатын тағамдық өсімдік. Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан өсімдіктің дәнінен басқа шөбі мал азығына пайдаланылады.
Өндірісі
Нұт өндірісі, мың тонна | |||
---|---|---|---|
Ел | 1985 | 1995 | 2005 |
Үндістан | 4561 | 6436 | 6000 |
Пәкістан | 524 | 559 | 868 |
Түркия | 400 | 730 | 610 |
Иран | 122 | 355 | 310 |
Мексика | 139 | 167 | 240 |
Мьянма | 138 | 76 | 230 |
Австралия | 36 | 287 | 189 |
Эфиопия | 0 | 125 | 135 |
Канада | 0 | 1 | 98 |
Сирия | 50 | 54 | 55 |
-
-
- Сабағы мен гүлі
- Жемісі мен дәні
- Өсуі
- Ақ (еуропалық) және қара (үнді) нұттың дәндері
Дереккөздер
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Нұт |
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер