Ойпат, ойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі). Ойпаттың беткі жазықтығы төмен орналасқан түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты).
Ойпаттың жер беті жазық, төбешікті келеді. Қыраттарға қарама-қарсы бедер түрі. Негізінен, горизонталь жайласқан борпылдақ тау жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпаттектоникалық жолмен пайда болған теңіз және құрлық шөгінділерінен түзілген. Жер шарындағы едәуір ірілері: Амазонка, (Атлант маңы), Үнді-Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс Сібір ойпаты, т.б. Тауаралық ойпатқа Алтай тауындағы және Абай даласы, Кура-Аракс ойпаты; теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпатқа Каспий маңы ойпаты (–28 м) жатады. Адамдардың теңіз жағалауын құрғатудан пайда болған бар.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл.
- Қазақ энциклопедиясы 7- том
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер