Олар әлемді біріктірді (англ. United Passions) — режиссер Фредерик Обертен түсірген француз фильмі. Тұсаукесері 2014 жылы 18 мамырда болды.
Олар әлемді біріктірді | |
United Passions | |
Жанры | драма (спорт) |
---|---|
Режиссёрі | Фредерик Обертен |
Продюсері | Кристин Гозланл |
Сценарийдің авторы | Фредерик Обертен |
Басты рөлдерде | Тим Рот, Жерар Депардье |
Операторы | Инти Брионес |
Композиторы | Жан Паскаль-Бентю |
Кинокомпания | Leuviah Films, Thelma Films |
Ұзақтығы | 110 минут |
Бюджеті | 27 млн $ |
Кассалық түсімі | 200 мың $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы |
Мазмұны
Фильм оқиғалары 1992-2004 жылдарды қамтиды.
1904 жылы Парижде түрлі мемлекеттен жиналған энтузиастар дүниежүзі халқын біріктіретін әлемдік футбол ұйымын құру идеясын іске асырады. Оны қысқартып айтқанда, ФИФА деп атайды.
Ол кезде ФИФА-ның шынымен әлемдік деңгейдегі ірі ұйымға айналып кететініне сеніммен қарағандар тіпті аз болады. Бірақ аяққа тұрып кетуі үшін барын, тіпті өздерін де аямаған тарихи тұлғалар ФИФА-ны ақыр соңында әлемдегі ең ірі, абыройлы ұйымға айналдырады. Осы мақсатта жұмыс істеген Жюль Риме, Жоао Авеланж, Йозеф Блаттер секілді марғасқалардың өмірінен үзік-үзік болса да картиналар көрсетіледі. Олар қызмет жолында сатқындықты да, дұшпандықты да бастан кешіреді.
Рөлдерде
- Тим Рот — Йозеф Блаттер
- Сэм Нилл — Жоао Авеланж
- Томас Кречман —
- Фишер Стивенс —
- — Жюль Риме
- Джейсон Бэрри —
- Джемайма Уэст —
- Мартин Джарвис — Стэнли Роуз
- Энтони Хиггинс —
- Серж Хазанавичус — Робер Герен
Басқа да фактілер
Фильмді түсіруге 27 миллион АҚШ доллары жұмсалды. Бірақ түсімі тым аз, шығынның жүзден бір бөлігін де өтемеді. Сол себепті тарихтағы ең нашар фильмдердің қатарын толықтырды. АҚШ кинотеатрларында көрерменді мүлдем жинай алмады. Бар-жоғы 918 долларды ғана құрады. Сол себепті де бір көрсетілімнен соң-ақ жарнамасы тоқтады.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер