Орақбай (1841, Жамбыл облысы Талас бойындағы Түймекент мекені – 1917, Шу ауданы) – ақын. Жасынан ақындығымен елге танылған. Өлеңдерінде замана жайын, өмір мен жастық шақ туралы жырлады. “Бәсеке мал жинауды әдет етті” атты өлеңінде ел арасында кеңінен етек алған ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, барымта, жесір дауы секілді қиянат істер мен ел басқарғандардың байлық жолында бәсекеге түскен жемқорлық әрекеттері батыл сынаған. 1880 жылы айтысқан. Ақын өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланған, әдеби мұрасы ҚР ҰҒА сақтаулы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekV4TDFwb1lXMWlYMjlpYkM1emRtY3ZNakl3Y0hndFdtaGhiV0pmYjJKc0xuTjJaeTV3Ym1jPS5wbmc=.png)
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |