Орда-базар — XIII–XV ғасырларда Қазақстанда болған түркі-моңғол ұлыстары билеушілері ордасының атауы. Кейбір деректерде Алтын Орданың алғашқы ханы Батудың ордасы деп аталады. Ә.Марғұланның пікірінше, Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір өзені бойында орналасқан. XV ғасырдың 1-жартысында Әбілхайыр хандығындағы ноғай беглербегі , өзінің билеушісі үшін “екі рет Сайын ханның (Бату) тағын басып алады”. Осыдан кейін Әбілхайыр хан өз астанасын Тура (Уимчи-Тура) қаласынан Орда-Базарға көшіреді. Осында Әбілхайырдың саясаты насихатталып, оның атынан теңге шығарылады. Осы кезеңдегі Орда-Базар жайында Масуд бин Осман Кухистани өзінің “Тарихи-и Абулхайр-хани” атты шығармасында “киелі орда, Дешті Қыпшақтың астанасы” деп жазады. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Орда-базар | |
Мемлекет | |
---|---|
Қазіргі жері | |
Қалануы | ~1224 ж. |
Орналасуы | 48°09′19″ с. е. 67°49′03″ ш. б. / 48.15528° с. е. 67.81750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°09′19″ с. е. 67°49′03″ ш. б. / 48.15528° с. е. 67.81750° ш. б. (G) (O) (Я) |
|
Орда-базар ақша сарайының қызметін атқарған. Қазба жұмыстары кезінде қалашық орнынан мыстан, қоладан жасалған монеталар көптеп табылған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том; Маргулан А., Археологические разведки в Центральном Казахстане (1946) /Изв. АН КазССР, серия историческая, ғ49, вып. 4, 1949; Материалы по истории казахских ханств ХV – XVІІІ вв., А-А., 1969; Смаилов Ж., Памятники археологии Западной Сары-Арки (средневековые городища и поселения), Жезказган, 1996.
- Алтын Орда — 750: Хандар мекенінде — «Орталық Қазақстан», 30.09.2019.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер